Нельсон Мандела: "Ұмыта алмаймын, бірақ кешіруге шамам жетеді."

Еркек Life: Нельсон Мандела, 2008 жылОАР-ның бұрынғы президенті, 94 жаста, Йоханнесбург

Мен жайлы бір адам: «Туғанында ол Ролихлахла-«қалтылдаған ағаш» деген есімді иеленді, кейін Нельсон Манделаға айналып, әлемді солқылдатты» депті. Менен құдай-адам жасамақ болатын әрекеттерді ұнатпаймын. Мені де «өз әлсіздіктері бар Мандела» ретінде білгендерін қалаймын.
Менің елімде, алдымен түрмеге отырады, сосын президент болады.
Мен жете ұққан бір нәрсе: Ерлік-қорқыныштың шетте қалып қоюы емес, сол қорқынышты жеңу. Ерлік жасаушы-ештеңеден қорықпайтын адам емес, сол қорқынышымен күресе білетін жан.
Толығымен оқу →

"Әке, мен ер жеттім!" немесе неге біз кеш есейеміз?

Отағасы: папа, сын, әке, жігіт

Өзіңді ересек еркек сезінесің бе?

Дәл осы сұраққа бір сайттың есептеуі бойынша 7 пайыз «ия, сезінем» депті, 33-пайыз «көбіне солай» депті, 40 пайызы " уақыттың басым бөлігінде олай сезінбеймін" депті, қалған 20 пайызы " ересек еркек болып сезіну қиынға түсетінін мойындапты.
Байқайсыңдар ма? Жігіттің есею кезеңі бұрыңғыға қарағанда ұзара түскендей. Бір буын бұрын жігіттің отызында істегенін қазір жиырмамызда жасаймыз. Ал жиырмамыздағы әрекеттерімізді көкелеріміз боз бала шағында жасаған. Бұл әрекеттер үйлену, жұмыс істеу, ойын ойнау, қарым-қатынас пен жауапкершілікті сезіну сияқты ұғымдарды қамтиды.

Толығымен оқу →

Венсан Кассель: "Мен ешқашан да Дженнифер Энистонды құшқым келмеген"

Еркек Life: Венсан КассельАктер, 46 жаста, Париж

Иә, мен жағымсыз рөлдерді жақсы көремін
17 жасымда, цирк мектебіне оқуға түстім. Бірақ, Құдайға шүкір, басым істеп ол оқуды тастап кеттім. Әйтпесе, дәл қазір сіздің алдыңызда — ашулы, қауіпті және өз өміріне өкпелі сайқымазақ отырған болар еді.
Толығымен оқу →

Жігітке жараспайтын 30 ерсі қылық ("Максим" журналынан үзінді)

Еркек Life: Еркек тағдыры: Жігітке жараспайтын 30 ерсі қылық (Максим журналынан үзңнді)

Аты-шулы «Максим» журналының жігіттерге ерсі тірліктерінің, жаргонмен айтқанда «западло» қылықтарының топтамасы келтірілген. Бұларға бағынбау қылмыс емес, дегенмен кейбіріне құлақ ассақ жаман болмаймыз.

1. Ұнатқан қызыңды төсекке тарту үшін ғана “үйленем” – деп уәде беру.

2. Екеудің отбасындағы айқай-шуға араласу западло. Біреуіне жақтассаң, екеуіне де жексұрын боласың. Тып-тыныш шығып кеткенің жөн.
Толығымен оқу →

Аль Пачино: "Біз-өз әдеттеріміздің құлымыз!"

Еркек Life: Еркек тағдыры: Аль Пачино, 2008 жылыАктер, 73 жаста, Нью-Йорк

Сізге бір оқиға айтып берейін. Бейсбол ойынын көруге барғым келді. Жалпы бейсболға барғанды жақсы көремін, сонау үш жасымда да атама еріп, жұрт қатарлы ойынды тамашалап, рахат алып қайтатынмын. Ал, қазір олай болмайды. Алаңға келіп, орныма отыра бергенімде таблоға менің атым жазылып шыға келеді. Мұны ақымақтыққа санамаймын, өйткені адамдар осылай ғой. Сол жолы өзгерек болды. Ойын күндіз еді, ал кешке бір жаққа баруым керек. Сондықтан алаңға ертерек келіп, дене қыздыру жаттығуларын қарап, бір-екі иннингті тамашалап, қайтып кетпек боп шештім. Қателігім сол, жаныма еріп баратын әйелдің де менің өзім сияқты танымал екендігін ескермеппін. Ойынға келіп, көлігімнен түсіп, күзетшіме «Багажниктен ескі-құсқы кепка табыла ма?» дедім. Ол қарап шығып, бір кепка мен көзілдірік алып шықты, сөйтіп: «Ей, Аль, мұнда не жатқанын қарашы! Ескі сақал бар екен!» дейді. Сақалды жапсырып алдым. Сол сәтте не ойлап алғанымды білмеймін. Бар ойым — жұрт көзіне түспеу болатын. Ойын басталды, отырмын. Бір кезде
Толығымен оқу →

Қалай ұмытам немесе жауапсыз махаббаттан бас жазу

Махаббат пен секс: Секс пен махаббат: өкініш пен қимастық

Жауапсыз махаббат кімнің басынан өтпеді дерсің. Бірақ түріңе қарашы. Неткен соры қайнаған, сормаңдай кескін. Ештеңе істеуге құлық жоқ. Тәбет жоқ. Қызығушылық жоқ. Арманыңдағы адаммен бір болуға жазбаған мына сені сұм сезім шарасыздықтан интернеттен жауап іздеуге мәжбүрледі.
Бірақ бұл жер қыздардың емес, жігіттердің сайты. Сондықтан сені аяп, әлдилеп, әлпештеп жататын жайымыз жоқ. Тек, іс жүзінде өзің сияқты біраз адамға нәтиже берген айла-тәсілмен бөліскім келеді.
Толығымен оқу →

Қырынудың қыр-сыры

Қырыну сіз үшін азап па? Әлде ләззат па? Еркектердің басым көпшілігі мұрт-сақалын қыруды жас кезінде ешкімнің үйретуінсіз, нұсқаулықсыз, өзінен үлкен кісілердің бет түгімен арпалысып жатқанын көріп, соның істегенін қайталау арқылы меңгереді.
Денсаулық, күтім, тазалық: Қырынудың қыр-сыры
Көбіміз бет терісін өткір алмаспен үйкелеу алдында оны мұқият дайындаудың қыр-сырларының бар екенінен бейхабар немесе қажетсіз ұсақ-түйек деп есептейміз. Содан кейін, біз беті-аузымыз тыржиып, айнаның алдында өз бетімізді өзіміз азаптап, неге Джилет-тің жарнамасындағы жігіттер үнемі күлімдеп, үшкіндік сақалын алмаспен бір сипағанда теп-тегіс боп шығатынына күдікпен қараймыз. Қырынып болған соң теріміз бөртіп, қышып, немесе тіпті байқамай кесіп алып сақалға лағынет айтқан кездер де болады.
Ал мамандардың айтуынша, жарнамадағыдай рахаттана қырынудан оңай нәрсе жоқ, ол үшін небары кейбір маңызды ұсақ-түйек мәселелерге мән беру керек.
Толығымен оқу →

Жігіттің шаш күтімі туралы білуге тиісті минимумы

Күтім: Жігіттер шаш туралы білуге тиісті жайттар

Шашқа арналған барлық күтім түрлерінің ішінде оны уақытылы жуып тұру ең маңызды бөлігі болып табылады. Оның маңыздылығы біріншіден тазалық, екіншіден сырттан қараған адамға кірлеген шаш оның иесінің салақтығы жайлы көп мәлімет береді.

Әрине, шашты кірлеген кезде жуу керек екендігін бес жасар баланың өзі біледі. Бірақ бас терісінің денсаулығы мен шашыңыздан ерте айырылып қалмау үшін қалай жуған дұрыс екендігін біліп алған артық болмас еді.
Толығымен оқу →

Беттің жауы безеумен күресеміз

Күтім: Ted

Бетке безеудің шығуын қалыпты жағдай деп қабылдамау керек. Егер саған безеу бет болу ұнамаса, онда оның себептерін және онымен қалай күресудің ең ұтымды жолдарын біліп алған жақсы.

Себептері
Беттегі безеу, бөртпелер міндетті түрде көп нәрсенің жетіспеушілігінен немесе гормоналды ауытқушылықтан болады. Біз, жігіттер безеуді қалжыңдап, секс жетіспеушілігінен дейтініміз бар емес пе? Және оны қалжыңдап «хочунчиктер» деп те қоямыз. Алайда секс жиілігінің бет терісінің жағдайына қатысы кем де кем. Бұл жаңсақ пікір, безеуі бар жігіттердің көбіне өзі бетінен өзі ұялып, нәзік жыныстылар алдында жасқануынан туса керек.
Бет терісін бәле-жәледен тазарту үшін, алдымен төзімділік пен ыждағаттылық таныт.
Көбіміз безеумен алғашқы жағымсыз таныстығымыз жасөспірімдік шақта басталып, 18-22 жаста шегіне жетеді.
Толығымен оқу →

Жігіт денесін тартымды ететін белгілер

Күтімі және тазалық: Шынығу: Жігіт денесін тартымды ететін белгілер

Сырт келбетімізді біршама басқа жағынан қарастырып көрелік. Үлде мен бүлдемізді шешкенде бізбен бірге не қалады? Яғни жақсылап таңдаған киіміміздің сәні мен сүйкімі жоғалған кезде не қалады? Әлбетте, өзіміздің физикалық дене пішінімізбен оңашада қаламыз. Жағажайға бармаймын, бассейінге түспеймін, тырысқан киім кимеймін десеңіз, әрине, патша көңіліңіз білсін. Бірақ ертелі-кеш «сегіз қырыңыздың бір сыры» ашылады. Бұл сырың үш күліс ойынындағыдай, қанша алдап, жасырсаң да, картаңды ашатын уақыт бәрібір келеді. Сол кезде шегінерге жол болмайды.
Міне сондықтан, тәніміздің физикалық жағдайы мейілінше тәуір болғаны дұрыс. «Мейілінше тәуір болу» міндетті түрде «мейілінше ірі болу» дегенді білдірмейді.
Толығымен оқу →